"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру"

"Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

"Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы"

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

WhatsApp Image 2025 11 04 at 08.44.07

2025 жылғы 30 қаңтар күні ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында ата-аналарға Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы таныстырылды.

Атап айтқанда, бұйрықтың келесі қосымшалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • 10-қосымшаға сәйкес – «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
  • 11-қосымшаға сәйкес – «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
  • 13-қосымшаға сәйкес – «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

Барлық көрсетілген қызметтер бойынша ата-аналарға толық ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

WhatsApp Image 2025 11 03 at 13.40.58

Мектеп ұжымында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыс жүргізілді.
Жиналыс барысында педагогтерге «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ереже таныстырылды. Түсіндірме барысында аттестаттаудың негізгі кезеңдері, бағалау өлшемшарттары, кәсіби қызмет нәтижелерін талдау мен портфолио дайындау тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, педагогтердің санат алу және растату процесінде құжаттарды электронды түрде тапсыру тәртібі, мерзімдері және талаптары туралы толық ақпарат берілді.

Сондай-ақ, педагогтерге арналған «Ұстаз» платформасы бойынша таныстырылым өткізілді. Таныстырылым барысында платформаның құрылымы, негізгі функциялары және оны тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.

Педагогтер өз кезегінде аталған ережелер мен платформаны қолдану жөнінде сұрақтар қойып, практикалық кеңестер алды. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің аттестаттау процесін дұрыс түсінуін қамтамасыз ету, сонымен бірге олардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға үйрету болды.

WhatsApp Image 2025 11 03 at 13.41.09

WhatsApp Image 2025 11 03 at 13.41.20

2025 жылғы 21 мамырда мектепте «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына сәйкес ата-аналарға түсіндірме жұмысы өткізілді.

Іс-шара барысында аталған бұйрықтың келесі тармақтарына ерекше назар аударылды:

  • 11-қосымшаға сәйкес – «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
  • 13-қосымшаға сәйкес – «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

Түсіндірме жұмысының мақсаты – 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты жазғы кезеңде жекелеген санаттағы білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ олардың демалысын қамтамасыз ету мен әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде ата-аналарды хабардар ету болды.

Жиналыс барысында лагерьге жолдама алу үшін қажетті құжаттар тізімі, қабылдау мерзімдері мен рәсімдеу тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, 2025 жылғы шілде айында қаржылай және материалдық көмек алу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі бойынша №13 қосымша аясындағы талаптар мен шарттар қайтадан таныстырылып, ата-аналарға нақты нұсқаулық берілді.

 

 

 

 

 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
logologo 169YfyvWjsIo20190227160122417